Семіздік адам өмірін 4 жылға қысқартады

– Наурыз түбінде біздің жаңа жылымызға айналады, – деді Н.Назарбаев.

ЭКСПО кешенінің маңында өткен Наурыз тойына 10 мыңнан астам адам қатысты.

– Наурыз – салт-дәстүрді түгендеу емес, тірілту, – дейді тарихшы Ж.Артықбаев.

Ағылшындар 1852 жылға дейін жаңа жылды Наурызда тойлап келген.

Ежелгі грек патшасы бұл күні тағынан түсіп, өзі қалаған қызметшісіне бір күн орнын ұсынатын болған.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша дүние жүзінде 300 млн. адам Наурызды тойлайды екен.

2050 жылға қарай шамамен 5 млрд. адам су тапшылығын көреді.

Ақтөбе облысында 500 кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын көтеруге уәде берілді.

Ақтөбеде орташа еңбек жалақысы 126,1 мың теңгені құрады.

Қырғызстанда әйелдерге қажылыққа ерлерсіз баруға рұқсат етілді.

Наурызды жұрт таңның атуымен бірге қарсы алудан бастаған.

Ел арасында наурыз көжені «көп көже», «тілеу көже» деп те атаған.

Наурызда халқымыз бұлақтың көзін ашып, көшет отырғызған.

Бұл күні дастархан мол болса, ел тоқ болады деген ырым бар.

Н.Назарбаев Самарқанның көрікті жерлерін аралады.

БҰҰ-ның бас хатшысы Наурыз мейрамымен құттықтады.

Ғарышкер, Халық қаһарманы Айдын Айымбетовке «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

АҚШ Украинаға 100 млн. доллар әскери көмек бермекші.

22-сәуірге дейін жалғасатын Наурыз мерекесін тойлау аясында Алматыда 150-ден астам іс-шара өтеді.

Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 5885 алматылық баспаналы болды.

Астаналықтар Аягөзде су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 16 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Елімізде тұңғыш рет жастарға арналған телеарна ашылмақшы.

Астана ТМД бойынша танымал қалалардың үштігіне кірді.

Әлем халқының 40 пайызына суық су жетіспейді.

Өзбекстанда сәбиді перзентханадан сән-салтанатпен алып шығуға тыйым салды.

Баланың кез-келген ойын орындауға асықпаңыз, оған өз көзқарасыңызды таңбаңыз, оның ойын бөлмей тыңдауға тырысыңыз, өзіңізбен тең дәрежеде сөйлесіңіз.

Қазақ-Қырғыз шекарасынан өту мүмкіндіктері артады.

Бурабай курортына жыл сайын 1 млн. турист келеді, оның 30 пайызы шетелдіктер.

Ақпарат министрлігі биыл 45 жаңа телехикая түсіруді жоспарлап отыр.

Түркияның Кастамону қаласы ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы атанды.

С.Альварес спорттан уақытша шеттетілді.

2017 жылы жер бетінде 124 млн. адам аштық зардабын шеккен. БҰҰ-ның мәліметі бойынша бүгінде 11 млн. адам аштықта өмір сүреді.

Уыз ас қорыту жүйесін жақсартады. Халқымыз уыздан дәмді тағамдар да жасайды.

Минскіде 6 сәуірде ТМД СІМ басшыларының кездесуі өтеді.

Тропикалық жемістерді тоңазытқышта сақтауға болмайды.

Биыл Атырауда 135 мекен газбен қамтылады.

Ақтөбеде тегін шұбат таратылды.

Кемеровада сауда орталығы өртеніп, 37 адам қайтыс болды.

Соңғы үш тәулік ішінде ШҚО-да 220 үйді су басқан.

Қытайдың Шуанхэ үңгірі әлемдегі ең ұзын (238,48 шақырым) үңгір.

Ұзақ өмір сүру үшін 7 ережені сақтаңыз: қант диабетін, қан қысымын, холестеринді қадағалау, темекі тартпау, салмақ арттырмау, физикалық жаттығу, салауатты өмір салтын ұстану.

Семіздік адам өмірін 4 жылға қысқартады.

Ғалымдардың айтуынша, семірудің бір себебі дене температурасының төмендеуіне байланысты.

Грузияның Аджария таулы аймағын қызыл қар басып қалды.

«Жұмыртқа диетасы» екі апта ішінде артық салмақтан арылтады.

Түріктің танымал актері көп мөлшердегі есірткімен ұсталды.

«Қарағанды-Алматы» жолаушылар ұшағынан ақау шығып, Астанаға қонуға мәжбүр болды.

Еуропада полицияға ұсталып қалған Баянға Головкиннің танымалдылығының көмегі тиді.

Көкшетауда Наурыз мейрамында «Қара жорғаға» билеген ат таңқалдырды.

Б.Шүменов кәсіби боксқа неге қайта оралғанының себебін айтып берді.

Елімізде жылына 1,5 мың бала жоғалып кетеді екен.

А.Меркель 2005 жылдан бері Германияға 4 рет канцлер болып сайланды.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *