ҮМІТКЕРЛЕР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түрксіб ауданының №36 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Михаил Грачев халықпен кездесіп, артынша өз командасымен және тұрғындармен бірге аудан аллеяларының біріне сенбілік ұйымдастырып, тал екті.

Мәншүк БЕКБОСЫН

 – Тұрғындар тарапынан түскен сұрақтардың көбі, әрине, әлеуметтік бағытты қамтиды. Соның ішінде аймақты абаттандыру, қауіпсіздік және қоқыс мәселелері бар. Біз осы аумақтағы мәселелердің біразымен таныстық. Қай жерде қандай мәселе бар екенін білеміз. Қолымыздан келгенше тұрғындарға көмектесуді бастап та кеттік, – дейді Алматы қаласы мәсли­хат депутаттығына үміткер Михаил Грачев.

Түрксіб ауданының №34 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына «Нұр Отан» партиясы атынан үміткер Гүлнас Ахметованың халықпен кездесуі жал­ғасып жатыр. Үміткердің айтуынша, халық балалардың қамын ойлайды екен. Сапалы білім беретін мекемелер ашылып, спорт орталықтары көбейсе деген тілек білдіруде. Тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдар­ламасымен таныстырған кандидат депутат болып сайланса, айтылған өтініштерді орындайтынына деп уәде берді.

– Жалпы, халық жеке мүддесін емес, әлеуметтік мүддені көп сұрайды. Мысалы, мектеп, балабақша, спорт кешендері, бассейннің керектігін, дұрыс аулалардың жоқтығын айтады, – дейді Алматы қаласы мәслихат депутаттығына кандидат Гүлнас Ахметова.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *