ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ АЛАТАУДА АТАЛЫП ӨТТІ

30Жетінші ауданның мұсылмандары айттап, құрбандық шалды

Қыркүйектің 24-жұлдызынан басталған қасиетті Құрбан айт үш күн мерекеленді. Кешірім мен ынтымақтың мерекесін бүкіл мұсылман қауымымен бірге Алатау ауданы тұрғындары да атап өтті.

Айт күндері аудан мешіт­теріне адам сыймай, жама­ғаттың жартысы мешіт сыртында намазға жығылды. Таңғы сағат жетіден мешітке келген көпшілік намаздан соң Құрбан айтты мере­келеуді бастап кетті.

Ауданның орталық Бекет ата мешітінің наиб-имамы жиналған жамағатқа уағыз айтып, Құрбан айттың маңызын түсіндірді. Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров аудан халқын Айт мерекесімен құттықтады.

– Біз өз дініміз – мұсыл­мандықты қадір тұтамыз. Қазақстандықтар ұстанатын өзге діндер мен конфес­сияларды да сыйлаймыз. Осы негізде Қазақстандағы барша халықтың ауызбіршілігі мен ынтымағын сақтап келеміз. Бүгінгі төзім мен кешірім мерекесі – Құрбан айттың маңызы осыған саяды. Ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, ескі өкпе-ренішті кешіріп, бақыт тілейді, – деді аудан әкімі.

Аудан мұсылмандары Құрбан айттың басты шарт­тары – құрбандық шалу, пітір садақа беруді атқарып жатыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *