Лоббистік қызметке қатысты заң қабылдаудың мерзімі келмеді ме?

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, сенатор:

– Әр министрлік заң жобасын ұсынғанда өз министрлігінің мүддесін ойлайтыны түсінікті. Бюджетті қарағанда әкімдер өз аймағының депутаттары арқылы өз облысының мүддесін қорғайтынын да білеміз.

Ұлттық экономиканың дамуына қатысты ауқымды заң жобаларын қарағанда ірі компаниялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар өз мүдделерін құнттайды. Ерінбегеннің бәрі парламентте лоббистік қызметпен айналысып жүр. Ал бізде лоббистік қызметке қатысты заң да жоқ, дамыған елдің бәрінде ол бар. Егер осындай заң болса, біз бәрін анық білер едік… Осыдан келіп мынандай сұрақ шығады: лоббистік қызметке қатысты заң қабылдаудың мерзімі келмеді ме?

(«Жас Алаш», 29.08.2019 ж.)

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *