Әлемнің жарығын сыйлаған…

Алатаудың әжелеріне демалыс ұйымдастырылды

Нұрлан СҮЙІН

 

Алматыда 2018 жыл – Қарттар жы­лы болып жарияланған. Жалпы, алып шаһарда ардагерлерге құрмет көр­сетуді ешқандай жариялаусыз, тұрақ­ты түрде жүргізу қалыптасқан. Ал ме­га­полистің Алатау ауданында қа­рия­ларға құрмет, әлеуметтік аз қам­тыл­ған жандарға көмек көрсету әрбір «шағын әкімнің» (Жергілікті өзін-өзі басқару коми­теті төрағасы) «жазыл­маған міндеті» десе болған­дай. Осын­дай іс-шараны «Ұлжан-1, 2» ЖӨБК төрайымы, «әкім қыз» – Алуа Жексен­баева өткізді.

Тіршіліктің бастауы болған жыл басы – Наурыз қарсаңында «Ұлжан-1, 2» «Жер­гілікті өзін-өзі басқару комитеті» (ЖӨБК) төрайымы Алуа Серікқызы өз ықшамау­данының 40 шақты ардагер-апаларына Орталық музейге саяхат ұйымдастырып, көктем мерекелері құрметіне «Сұлтан» мей­рамханасында дас­тархан жайды. Аналар мерекесіне арнап, сыйлықтар жасады.

«Аналар – асыл жандар». Оларға қандай құрмет көрсетілсе де, артық емес. Десе де, ардагер әжелер үшін Алуа қыздарының ұйымдастырған іс-шарасы көктемнің өзіндей әдемі сый болды. Олар аналық алғыстарын айтуда. Арнайы автобус алдыртып, музейге, мейрамханаға «аяқтары жерге тимей» жеткен әжелер жол бойы ән шырқап, бата берумен болды.

Алғысты, баталы болған «әкім қыз» Алуа да іс-шараның қолдаушы-демеу­шілерін атап кетуді ұмытқан жоқ. Төр­айымға қолдау көрсетушілер – «Игили­кова» жеке кәсіпкер­лік басшысы Динара, №152 мектеп-гимназия директоры Рима Әбдікәрімовалар.

Алатау ауданында Елбасы тапсырма­ла­рына сәйкес жасалған барлық әлеуметтік бағ­дарламалар жүзеге асуда. Бағдарла­малардың жүзеге асуына жауапты аудан активі. Солар­дың белсенді бір өкілі «Думан-1, 2» «Жер­гілікті өзін-өзі басқару комитеті» төрайымы Алуа Жексенбаева Серікқызы.

– Қарттарды құрметтеу, әсіресе, ана-әжелерді ардақтау – біздің ұрпақтың парызы деп ойлаймын. Сол себепті де, біздің әрбір іс-шарамыз әлеуметтік бағдарламалармен сабақтасып жатады. Біздің жоспарымызда «Қарттар жылы» болып жарияланған 2018 жылы ата-әжелерімізге Алматының барлық мәдени-тарихи орындарын (театрлар, музейлер, Медеу, Көктөбе, т.б.) тама­шалату бар, – дейді «әкім қыз» Алуа.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *