Әлемнің барша дәрігерлері мен ғалымдары коронавирус індетін тоқтату әрі жұқтырғандарды емдеу жолын іздеуде

Індеттің басталғанына біршама уақыт өтсе де өзін жақсы жағынан көрсеткен не емдеу әдісі, не біріңғай пікір әлі де жоқ.
Жиналған жұмыс тәжірибесін талдап қорыту әрі озық тәжірибелер жөнінде ақпарат алу мақсатында Алматы қаласы мәслихатының депутаты Зиятдин Касанов «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалымен бірлесіп, Алматы қаласына медицина ғылымының докторы, клиникалық микробиолог, «Medicana International Istanbul» (Түркия) клиникасының вирустық ауруды зерттеу және емдеу бойынша жетекші мамандардың бірі доктор Дженгиз Узун (Dr. Cengiz Uzun) мырзаны арнайы шақыртқан.

Аталған шараны өткізудің басты мақсаты халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу, қазақстандық мамандарды COVID-19 бойынша заманауи жолмен диагноз қою және емдеу әдістерімен бөлісу.
Мастер-класста танымал ғалым «COVID-19 вирусынан емдеудің заманауи жолдары» атты баяндамасын оқыды. Ол індеттің алдын-алу және бақылау механизмі, жұқтырғандарды анықтау алгоритмі және оқшаулау, эпидемиологиялық зерттеу әдістері, емдеу, диагноз қою және медициналық қызметкерлерін індетті жұқтырудан сақтау ережелері туралы сөз етті.
Мастер-класс Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің 30 астам мамандарының қатысуымен өтті. Сонымен қатар спикер ретінде «Орхун Медикал» ДО директорының медициналық мәселелері жөніндегі орынбасары, сәулелік диагностика дәрігері Максим Голушкин және дәрігер-терапевт Айдос Сыйқымбаев сөз сөйледі.
— Ең алдымен мәслихат депутаты Зиятдин Касанов пен «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалына осындай қажет әрі қызықты мастер-классты ұйымдастырғанына алғысымды білдіремін. Бүгінгі шара барлық санитарлық нормалар мен хаттамаларды сақтай отырып ұйымдастырылған. Енгізілген карантин және жұқтырғандарды емдеу шаралары індетті жақын арада жояды деп сенемін, — деді Айдос Сықымбаев.
— Қазақ еліне кездейсоқ емес, кәсіпкер, мәслихат депутаты Зиятдин Касанов мырзаның шақыруымен келдім. Әріптестеріммен вирусты жұқтырғандарды анықтау, оқшаулау әрі емдеу бойынша жиналған тәжірибеммен бөліскеніме қуыныштымын. Мастер-класс тәжірибе алмасу форматында өтті. Мен де осы саладағы қазақстандық мамандардан көп нәрсе үйрендім. Сондай-ақ Зиятдин Касанов мырзамен індетпен күресуді жетілдіру бойынша ортақ жоспарларымыз бар. Ол туралы жақын арада білетін боласыздар, — деп қорытындылады Дженгиз Узун.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close