«KІTAP FEST-2019» оқырмандарды қуантады

7 қыркүйекте сағат 10.00-де Арбатта Қала күні мерекесіне орай жыл сайынғы дәстүрге айналған «KІTAP FEST-2019» кітап мерекесі өтеді.

Кітап оқуға жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетін бұл мерекенің алматылықтардың өміріндегі рухани маңызы ерекше. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын мәдени іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіледі. Кітап мерекесінде кітап көрмелері мен кітап жәрмеңкесі, кітап алмасу, қазақстандық және шетелдік жазушылармен жүздесу, шеберлік сабақтары, өлең оқу сайыстары, балаларға арналған қызықты байқаулар мен ойындар, әр түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *