Ертең елімізде емханаға тіркелу науқаны аяқталады

«Айтқанның аузы, жылағанның көзі жаман» деген сөзді  тұрғындар өз денсаулығына және денсаулығын жақсарту ісінде өте маңызды болып саналатын науқандарға селқос қараған кезде  жиі айтуға тура келеді. Өйткені, ертең  емделуге келген кезде емханада тіркеуден  аты-жөндері шықпай қалған тұрғындар  көбіне-көп бірінші өзін емес, сол емдеу мекемелеріне  кінә артып жататыны  бар. Өз ісімізге біреуді кінәлі  етпес бұрын өзімізге-өзіміз жауапты болғанымыз  абзал.  Ертең, яғни 15 қараша күні еліміз бойынша емханаға тіркелу науқаны аяқталады.  Биылғы  тіркелу науқаны қалай жүзеге асырылды, қандай жаңалықтар  бар деген сауалымызға  Алмалы ауданына қарасты емдеу мекемелерінің үйлестірушісі, №8 қалалық емхананың бас дәрігері Фарида Әбубәкірқызы Ағыбаева жауап береді.

 

  • Фарида Әбубәкірқызы, биылғы емханаға тіркелу науқанында қандай жаңалықтар бар, жалпы бұл науқан қалай жүзеге асырылды?
  • Тұрғындардың емханаға тіркелу науқаны 15 қыркүйектен басталған болатын. Ал енді ол қалай жүзеге асырылды дегенге келсек, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №281 Бұйрығымен бекітілген Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес, МСАК ұйымдарына азаматтарды бекіту, яғни тіркеу медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын азаматтарды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылды.

Жақында  МӘМС қорының Алматы қаласы бойынша филиалының директорымен болған баспасөз мәслихатында   емхананы еркін таңдау жүйесі биылғы науқанда сақталмаған дегенді айтқан еді.

– Еркін таңдау дегенде  өзіңіз тұрып  жатқан жердегі кез-келген емханаға тіркелуге болады, ал  басқа  аймақта орналасқан емханаға тіркелудің тиімсіз екенін  тұрғындарға ескерткіміз келеді. Өйткені, емхананың аумақтық қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұратын адамдарды тіркеген кезде үйде медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі шектеледі.

– Бұл мәселе емханаға таңдау жасап келген адамдарға  жан-жақты түсіндірілетін шығар.

– Иә, алдын-ала  ескертіліп, келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.  Емхананың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қызмет көрсетуі кез-келген тұрғынынң медициналық қызметке деген қолжетімділігін арттыруды көздейді. Емханаға тіркелушілерге аумақтық қызмет көрсету аймағы шегінде алдын-ала бекітілген учаскелер бойынша қызмет көрсетіледі. Азамат дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде бекіту жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.

  • Көп жағдайда бір адам екі-үш емханаға қатар тіркеліп жататын бар, олардың жағдайы не болмақ?

–  Жоқ, олай етуге болмайды. МСАК ұйымының біреуіне ғана  тіркелу керек. Азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде азаматтарға медициналық көмек көрсету бойынша МСАК ұйымдарының міндеттемелерін тіркеу болып табылады және мынадай қағидаттарда жүзеге асырылады:

  • медициналық көмекке аумақтық қолжетімділік;
  • МСАК ұйымдарын еркін таңдау;
  • МСАК мамандарын еркін таңдау (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр);
  • отбасылық қызмет көрсету;
  • пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттанушылығы;
  • меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі.

– Ал  егер  жұмыс орны, мекен-жайы өзгерген жағдайда тіркелу қалай жүзеге асады?

  • Тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде;
  • МСАК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
  • Азамат дәрігер мен медициналық ұйымды жылына бір реттен жиі емес еркін таңдаған кезде;
  • Жыл сайын 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында халықты МСАК ұйымдарына бекіту науқаны кезеңінде (бұдан әрі – Науқан) жүзеге асырылады.

Науқан кезеңінде МСАК ұйымына бекітілген азаматтар Қормен алдағы жылға ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК көрсетуге қызметті сатып алу бойынша шарт жасасу кезінде алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымнан медициналық көмекті ала бастайды. Ағымдағы жылы көрсетілген азаматтар бұрын бекітілген МСАК ұйымдарында медициналық көмекті алуды жалғастырады.

– Емханаға бекіту тәртібі қалай?

– Емханаға бекіту тікелей немесе жазбаша жүгіну бойынша, еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) негізінде МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез-келген күнтізбелік уақытта, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Веб-портал арқылы жүгінген кезде, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші (емхана) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Азаматтың ЭЦҚ болған жағдайда, ол электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркеле алады.

Медициналық ұйымға бекітілу талоны азаматтың МСАК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Бекітілу талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде, бекіту туралы хабарлама қызмет көрсетушінің (МСАК ұйымының) электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат түрінде  беріледі.

Азаматтар тікелей жүгінген кезде оларды МСАК ұйымдарына бекіткен кезде бұрын бекітілген МСАК ұйымдарынан есептен шығару «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен кезде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі болған кезде еркін нысандағы өтінішінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.

Егер пациент басқа елді-мекенге кеткен болса (іссапарға, қонаққа және т.б.) немесе ауырып қалса, онда ол тұрғылықты жері бойынша жақындағы медициналық ұйымға жедел медициналық көмекке  жүгіне алады немесе жедел медициналық жәрдем  бригадасын шақыра алады.

  • Әңгімеңізге рахмет. Ал қала тұрғындарына айтарымыз, емханаға тіркелуді естен шығарып алсаңыз, 15 қарашадан кешікпей отбасыңызбен бірге өз аймағыңыздағы емханаға тіркелуді ұмытпаңыз дегіміз келеді.

 

Әңгімелескен – Жанар АБИЗОВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close