Бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Синоптиктердің болжауынша, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды.

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы мен Алматы облысында 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы күндіз +12+14°С, түнде 1-3° жылы болады», - делінген хабарламада.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Күндіз термометрлер 11-13 градусқа дейін, түнде 2 градус аязға дейін жетеді.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +11+16°С, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарда +7°С. Түнде -2+3, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарда -5-10°С. Алакөл көлдері аймағында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.