Елбасы «Керуен-Medicus» медицина орталығына барды

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы «Керуен-Medicus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа медицина техникаларын өндіруші Siemens, Karl Storz, General Electric, Drager, Hamilton және басқа да жетекші компаниялар ұсынған қазіргі заманғы құрал-жабдықтар көрсетілді. Айта кетерлігі, «Керуен-Medicus» ғимараты 2017 жылы салынды. Оның жалпы ауданы — 10 мың шаршы метр. Клиникада нақты уақыт режімінде 3D-форматындағы күрделі операциялар жасалады. Медициналық орталық Кореяның Severance Hospital, Германияның Freiburg University Klinik, Сеул ұлттық университетінің Бундан клиникаларымен, сондай-ақ Еуропаның жетекші клиникаларының өкілі — Puls Global компаниясымен кадр даярлау жөнінде ынтымақтастық орнатқан.

egemen.kz сайтынан

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *