Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында 14 мыңға жуық мүшесі бар «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының кезектен тыс XXІV конференциясы  болып өтті. Онда аудандағы бастауыш партия ұйымдары партияның 2016 жылы өткен XVІІ съезінде қабылданған «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты бағдарламасының орындалуын және «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасын да талқылады.

300-ден астам делегат қатысқан конференцияда партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбыловтың Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының іске асырылуын баяндайтын есебі тыңдалды. Жарыссөзге шыққан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, халық қалаулысы, күрес Федерациясы президентінің еркін күрес бойынша кеңесшісі Ислам Байрамуков 120-дан астам ұлт  пен ұлыс өкілдерін қанатына алып отырған Қазақ еліне ризашылығын білдірді. «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі «Әл-ауқаттық қоғам: онжыл­дықтың 10 мақсаты» атты Бағдарламасы бойынша Саяси кеңес бюросының мүшесі Гүлнар Әлібекқызы да мазмұнды баяндама жасады.

Конференцияда партия қатарына жаңадан қабылданған бір топ азаматқа салтанатты түрде партия билеттері табысталды. Алқалы жиынды К.Байсейітова атындағы музыка мектебінің  шәкірт­терінен және Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі коллед­жінің өнерпаздарынан құрылған екі оркестр күмбірлеген әсем күйлерімен әрледі. Ал О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы қолөнер колледжінің ұжымы қазақтың керемет қолөнерінің нұсқаларын жұртшылық назарына ұсынды.

Б.ӘБДӘЛІҰЛЫ,

«Нұр Отан» партиясы Бостандық  аудандық филиалының кеңесшісі.   

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *