Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы бұзылады

Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы бұзылады
Cурет: 24.kz

Таулы аумақтарда тұман түсіп, жауын-шашынды болады.

9-10 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Тараз қ: күндіз 9, түнде 10 қазанда қатты жаңбыр күтіледі. 8-10 қазанда күтіледі: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы: түнде және таңертең тұман. Қырғыз Алатауы: жауын-шашын, 9-ы түнде, 10-қазан тәулік бойы қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Солтүстік-шығыс желі оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, 8-қазанда кей уақытта 23-28 м/с. Тарбағатай: оңтүстік-батыс желі оңтүстік-шығыс желіне ауысады, 9-ы күндіз, 10-қазан тәулік бойы екпіні 15-20 м/с. 
10 қазанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с. 
10 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. 
10 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 
10 қазанда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. 
10 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ болады. 10-12 қазанда облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түседі. 10-12 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз 10, түнде 11 қазанда екпіні 25 м/с күтіледі. 
10-12 қазанда күтіледі: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы: күндіз 10, түнде 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта қатты. Оңтүстік-шығыс желі, 10 қазанда екпіні 15-20 м/с. Қырғыз Алатауы: 10-11 қазан жауын-шашын, 10 қазанда кей уақытта қатты (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, бұршақ. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с. Талас Алатауы: 10 қазан жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман.