«АЙРЫҚША СПОРТШЫЛАР» ЖЕТІ МЕДАЛЬ ӘКЕЛДІ

Абу-Дабиде өткен Арнайы Олимпиада ойындарына 190 елдің ерекше спортшылары қатысты

Наурыздың 8–22-сі аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемнің «айрықша қажеттілігі бар», яғни мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында Арнайы Олимпиада ойындары (Specіal Olympіcs Іnternatіonal) өтті. Спорттың 24 түрінен өткен ойындарға әлемнің 190 елінен 7500-ден астам «Шектеулі мүмкіндік, шексіз жігерлі» спортшылар келді. Бұл Арнайы Олимпиада ойындары тарихында тұңғыш рет Таяу Шығыста ұйымдастырылған сайыстар болды. Ойындардың ашылу салтанатына ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев құрметті қонақ ретінде қатысты.

  Нұрлан СҮЙІН

Халықаралық арнайы Олимпиадаға Алматыдағы №7 интеллектуалдық ауытқулары бар арнайы мектеп-интернаттың тәрбиеленуші спортшылары «Спешиал Олимпикс Қазақстан» құрамасы сапында қатысты. Осы мектеп-интернаттың 8-сынып оқушысы Сергей Букуев жеңіл атлетикадан екі қашықтықта екі қола медаль ен­шіледі. Қазақстан құрамасы сапында №7 арнаулы мектеп-интернаттың төрт түлегі елімізге тағы 2 алтын, 3 күміс медаль әкелді.

Жалпы, Алматыдағы арнаулы мектеп-интернаттардың өкілдері «Спешиал Олимпикс Қазақстан» құрамасы сапында Арнайы Олимпиадалар мен Параолимпиадалық ойындарға тұрақты қатысып келеді. Алматылық «айрықша спортшылар» 2009 жылдан бері елге 7 медаль (1 алтын, 1 кү­міс, 5 қола) әкеліпті.

– Спорттық ойындарға қатысқан балалар физикалық тұрғыдан мықты болып қана қоймай, өзіндік өресі биіктеп, ақыл-ой, әлеуметтік және рухани тұрғыдан өседі. Арнайы Олимпиадалық Ойындардың (Specіal Olympіcs Іnternatіonal) қатысушыларының анты былай болып келеді. «Маған жеңіске жетуге мүмкіндік беріңіздер. Мен жең­бесем де осы мүмкіндігіме батыл болып қаламын!». Міне, осындай жігермен жарысқа қатысқан әрбір «айрықша спортшы» өзін ерекше сезініп, болашаққа ұмтылатыны сөзсіз, – дейді Арнайы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары.

Specіal Olympіcs Қазақстан ұйымдастырушылары да Алматыдағы арнаулы мектеп-интернаттардың спортшы­лары халықаралық спорттық сайыстарда тұрақты түрде қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүргенін айтады.

Specіal Olympіcs – Әлемдегі интеллек­туалдық ауытқулары бар жандарға арналған ең ірі спорттық жаттығулар мен жарыстар.

 Негізін 1968 жылы ерлі-зайыпты Юнис Кеннеди Шрайвер мен Сарджент Шрайвер қалаған. 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *