Колледжде «Атадәстүр» ашылды

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы дала қазынасы» партиялық жобасы аясында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде «Ұлы дала әуендері» атты салтанатты іс-шара өтті.

Елбасы мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс» деген болатын. Бұл іс-шара бүгінгі жас ұрпақты ұлттық атадәстүр рухында тәрбие­леуге, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылық­тарымызды құрметтеуге, елін сүюге бағытталған.

Бостандық ауданының атқамінер азаматтарымен бірге, шаһардағы колледждердің директорлары қатысқан жиында «Атадәстүр» орталығының тұсауы кесілді.

– Алдағы уақытта бұл орталық аясында этно-педагогикалық музей ашылады. Көне тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлердің көрмелері, өнер адамдарымен жүздесулер, тақырыптық түрлі кездесулер де ұйымдастырылмақ, ғалымдар да, ұстаздар да осында бас қосатын болады, – деді «Атадәстүр» орталығының президенті, Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің директоры Камал Әмірғалиұлы.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *