Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 11 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 11 адам қайтыс болды
Inform.kz

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 156 адамнан анықталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ 224 адам аталмыш дерттен жазылып кетті.

Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 75692 адамды құрады.

Қайтыс болғандар саны – 4828. Сондай-ақ 62424 адам аталмыш дерттен жазылып кеткен.