«Өліара» тарихи фильмінің түсірілімі аяқталды

«Өліара» тарихи фильмінің түсірілімі аяқталды
Сурет: «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметі

Негізгі түсірілімдер Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылының маңында өтті

«Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, соңғы түсірілімдер Алматы облысы Кербұлақ ауданы Балғалы станциясының маңында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тарихи кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірді.

«Бүгін біз басты кейіпкердің Қазақстанға келген сәтін түсірдік. Бұл сахна фильмнің басында көрсетіледі. Сол үшін ескі паровоз бен вагондар «Қазақстан темір жолы» компаниясы арқасында осы жерге жеткізілді. Түсіру жұмыстарына күн сайын 50-ден астам адам (массовка) қатысты», - деді фильмнің продюсері Олжабай Мұсабеков.

Продюсердің айтуына қарағанда, фильмнің монтаждау жұмыстары Будапешт қаласындағы белгілі FOCUSFOX компаниясында жүргізіледі. Кейін «Қазақфильм» киностудиясында туындының орыс тіліндегі нұсқасы дайындалады.