Ұстаз мерейі үстем болсын

Ұстаз мерейі үстем болсын
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мұғалімдер күні мерекесіне орай №6 мектеп-гимназия ұжымы салтанатты жиын ұйымдастырды.

Мереке қарсаңында күрделі жөндеуден өткен, кеңейтілген, жаңа жабдықтармен жабдықталған білім шаңырағының тұсаукесер рәсімі жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұстаздар күнінде шаһардағы №6 мектеп-гимназия ұжымы ұйымдастырған салтанатты жиынға «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Раиса Садвакасова, ардагер ұстаздар: Магер Виктор Михайлович, Дегтярева Татьяна Васильевна, Ковалева Татьяна Ивановна да қатысты. Мұғалім жүрегіне шапағатын төгетін мерейлі төл мерекеде бас қосқан әріптестер өте қуанышты.

Раиса Аждарқызы мен мектеп директоры Айдар Болатұлы күрделі жөндеуден өткен, кеңейтілген, жаңа жабдықтармен жабдықталған білім шаңырағының тұсаукесер рәсімін жасады. Сондай-ақ, осындай материалдық жетістіктерге қолдау көрсетіп отырған Алматы қаласы әкімдігі мен қалалық Білім басқармасына алғыстарын білдірді. Заманауи үлгідегі мектепте шәкірттерінің жақсы оқып, түрлі жарыстарда оза шауып, бәйге алып, мектептің мәртебесін әуелете беретініне сенім артты.