Құсман КӘРІМҰЛЫ, Халықаралық «Қабанбай» қорының төрағасы: Тұлғалар есімін насихаттауға зор үлес

Құсман КӘРІМҰЛЫ, Халықаралық «Қабанбай» қорының төрағасы:  Тұлғалар есімін насихаттауға зор үлес
Cурет: Inform.kz

Бұл игі іс бүгінгі күні өте керек деп ойлаймын.

Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Халықаралық «Қабанбай» қорының төрағасы Құсман Кәрімұлы метро бекеттерінің атауын өзгерту тұлғалар есімін насихаттауға зор үлес қосатынына сенімді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты ұсынылған екі тұлға да өз заманындағы ауыз толтырып айтатындай бүгінгі ұрпаққа батырлықтың нақты үлгісін көрсетіп кеткенін алға тартты. 

«Батыр есімдерін насихаттау бізге мәңгі аманат болып қалады. Қала әкімінің осындай игі іс жасағанын, ұсынысын қолдаймын. Себебі, біз қазір бүгінгі жастарды рухтандырып, ұлттық сезімдерін оятуымыз керек», - дейді Қ. Кәрімұлы.

Оның айтуынша бұл бастама Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Ұлыларды ұлықтау» деген бөлімі үдесінен шығады.

«Бұл игі іс бүгінгі күні өте керек деп ойлаймын. Бізде есімі әлі күнге белгісіз талай батырлар бар. Қабанбай бабамыздың келер жылы 330 жылдығы. Бауыржан батырмен бірге үзеңгілес болған қаншама батыр ұл қыздарымыз бар. Басқа да батырлардың есімін беру дәстүрге айналу керек деп ойлаймын», - деді ол.

Әрбір батырдың есімі ел есінде, ел аузында жүру керек. Қазақта беймәлім  батырлардың есімін жинақтап, оларға арнап мүсін қойылу керек. Сондықтан осындай игі істер жалғасын тапса деген пікірін де ортаға салды.