Сәт БЕСІМБАЙҰЛЫ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы: Бауыржандай қазақ әлі туған жоқ

Сәт БЕСІМБАЙҰЛЫ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы:  Бауыржандай қазақ әлі туған жоқ
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Станса атауын өзгертуді қолдаймын. 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Сәт Бесімбайұлы қала әкімінің шаһардағы екі стансаның атауын өзгертуі туралы ұсынысын қолдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қала басшысының ұсынысын екі қолымды көтеріп тұрып қолдаймын.  Бірі «Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру. Бауыржан қазақтың маңдайына бұйырған ержүрек батыры. Батыр Бауыржанның есімін қазақ халқы ерекше қадірлейді. Елімізде бүгінгі күні батыр есімін ұлықтау мақсатында ауқымды істер атқарылуда. Солардың бірі стансаға батыр есімін беру болар еді. Өскелең ұрпақ тарихи тұлғаларды танып білу үшін олардың есімін ұлықтау мәңгі парыз болып қалады», - деді С. Бесімбайұлы.

Оның айтуынша, Бауыржанның қайталанбас мінезі мен тұлғасы нағыз еліктеуге тұрарлық феномен. Ондай мінезді қазақ әлі туған жоқ.

«Біздің қазаққа осы Бауыржан мінезді адамдар өте керек-ақ. Стансаның атауынан кейін ол жайлы білмейтін адамдар ойлануы мүмкін. Сондықтан метроға ұлы тұлғаның атын беру ойланбай қабылдануы керек шешім дер едім», - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы.