Қырыққабат қан қысымының алдын алады - ғалым

Қырыққабат қан қысымының алдын алады - ғалым
Cурет: Ашық дереккөз

Қырыққабат антидепрессант болып шықты

Жапон ғалымдары гипертонияның қарқын алуына жол бермейтін және сүйектерді нығайтатын ең арзан көкөністі анықтайтын зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Rg.ru мәліметінше, қырыққабатта фосфор, магний, калий дәрумендері бар, ал беткі қабаттағы жапырақтарында бета-каротин көп, ол ағзада көздің қабілетін жақсартатын, шырышты қабықтардың, ішкі ағзалардың саулығына әсер ететін, суықтың алдын алуда қажетті А дәруменіне айналады. Фолий қышқылы қызыл қан клеткаларының өніп шығуына, жасушалардың бөлінісіне қажет.

U дәрумені, әсіресе маңызды ағза – ішек пен асқазанның қалыпты жұмысы үшін қажет. Ал К витаминінің коагуляциялық қасиеті бар, ол қан кетуді тоқтатуға көмектеседі. Кальцийдің бай мөлшері сүйектер мен тістерді қатайтуға ықпал етеді.

Қырыққабат антидепрессант болып шықты: оның психикалық қозуды басатын қасиеттері бар.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігер тағайындайтын рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір дәрі-дәрмек немесе дәрілік сипаттағы өнімді қабылдамас бұрын маманнан кеңес алуды сұраймыз.