Қазақстандықтар мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша 163 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды

Қазақстандықтар мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша 163 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды
Сурет: Detsad263oaorzd.ru

2021 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171 мың адамға жеткен.

2021 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 128,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына 34,4 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушысының асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 338 теңге болса, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 865 теңге көлемінде.