Қала әкімі субұрқақта зардап шеккендерге қатысты пікір білдірді

Қала әкімі субұрқақта зардап шеккендерге қатысты пікір білдірді
vecher.kz

Мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 19 маусымда цирк ғимаратының жанында болған оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Цирктегі субұрқақта қыздарға және біреуінің анасына қатысты орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда сағат 15-16 шамасында Қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта электр тогының соғуынан үш адам зардап шеккен болатын. Әкімдікте мамандар оқиғаның себебін анықтап жатқанын атап өтті.