Қазақстан Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының VIII шақырылымына сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Президенті сайлау нәтижесі Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту үшін аса маңызды деп есептейді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде болған қанды оқиғаның салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында екі мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуын оң бағалап, Көкшетауда 30 қыркүйекте өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумының маңыздылығына және оның мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударды.