Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министріне жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министріне жеделхат жолдады
Сурет: Akorda.kz

Фумио Кишида бүгін Жапонияның жүзінші Премьері болып сайланды.

Жеделхатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фумио Кишиданы Жапонияның Премьер-министрі лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жапонияның баянды өркендеуін жалғастыруға, еліңіздің дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін асқақтатуға бағытталған игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңыз әрдайым табысты болуына тілектеспін. Қазақстан мен Жапония арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізді бүгіннен де биік белестерге көтеруді асыл мақсат тұтып, сан қырлы салалардағы өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын», – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Фумио Кишидаға қажымас қайрат, аса жауапты қызметте лайым сәттілік, ал достас жапон халқына құт-береке тілеген.