Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІ съезі өтеді

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІ съезі өтеді
Сурет: Мassaget.kz

Шараға 200-ге жуық делегация қатысады деп жоспарланып отыр.

Қазақстанда 6 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІ съезі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстандықтардың 87 пайызы дін саласында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдайды. Мұны қоғамдағы соңғы әлеуметтік зерттеулер көрсетті. Осыған орай Қазақстан өзге елдерді диалогқа шақырып, пікір алмасу алаңын ұсынады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер сьезінің отырысына біздің елден 20-ға жуық делегация қатысады. Жиынға Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев төрағалық етеді.