Қасым-Жомарт Тоқаев: Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек
Inform.kz

Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек. Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр. Бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаға салынбай қалды. Әрине, бұған жол беруге болмайды. Медицина саласына қомақты қаржы құю керек. Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауда және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.