Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды?

Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды?
Сурет: 5region.kz

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 865 173 адам, 2-ші компонентін 8 307 373 адам салдырды.

Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрлігі сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен қатар 2021 жылғы 13 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының І компонентін алған жасөспірімдер саны – 150 669, жүкті әйелдер – 11 161, бала емізетін әйелдер – 27 076. ІІ компонентімен егілген жасөспірімдер – 14 342, жүкті әйелдер – 1 461, бала емізетін әйелдер – 3 583.