Жолда абай болыңыздар: көлік қаққан 26 жастағы Алматы тұрғыны қайтыс болды

Жолда абай болыңыздар: көлік қаққан 26 жастағы Алматы тұрғыны қайтыс болды
Сурет: 24.kz

Жолды рұқсат етілмеген жерден өтпеңіздер!

Алматының орталық көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат cайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 12 қазанда кешкі сағат 21:40-та әл-Фараби даңғылында болды.

«Peugeut 308» көлігі әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта кетіп бара жатып, Мендіқұлов көшесінің қиылысында жаяу жүргінші қағып кетті. Белгілі болғанындай, ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпекші болған. Жол апаты салдарынан 1995 жылы туған ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.