2023 жылы декреттік төлемдердің көлемі қандай болмақ?

2023 жылы декреттік төлемдердің көлемі қандай болмақ?
сурет:yvision.kz

Жаңа жылдан бастап бала күтіміне байланысты жәрдемақы алушыларға жәрдемақы төлеу мерзімі автоматты түрде ұзартылады. 

Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Заң жобасына қол қойылғаннан кейін, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, бала күтіміне байланысты жәрдемақы алушыларға жәрдемақы төлеу мерзімі Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде ұзартылады», – деп нақтылады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

1,5 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін ата-аналар үшін республикалық бюджеттен жәрдемақының екі түрі төленетін болады.
Бірінші – бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы. Бұған 2023 жылға 65,8 млрд теңге көзделген. 2022 жылы бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 120 840 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан да көп бала туғанда 200 340 теңгені (63 АЕК) құрады.
Екінші – бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы. Туған баланың кезектілігіне байланысты сараланған мөлшерде беріледі. Бұл мақсатқа 2023 жылы 43,8 млрд теңге қарастырылған.

Жұмыс істейтін ата-аналар үшін республикалық бюджеттен бала туған берілетін біржолғы жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем төленетін болады. Айта кетейік, әлеуметтік төлем мөлшері кейінгі екі жылда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.