Президент Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды

Президент Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды
Сурет: 24.kz

Сапар мақсаты - ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу.

Онда Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келді», - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетейік, өткен аптада Мемлекет басшысы Алматыда «Тағзым» мемориалының ашылу рәсіміне қатысты. Ал оның алдында Президент жұмыс сапарымен Өзбекстанда болған еді.