Жүз мемлекеттегі ауа сапасына зерттеу жүргізілді

Жүз мемлекеттегі ауа сапасына зерттеу жүргізілді
сурет: 24.kz

Локдаун енгізілгелі әлемнің 100 мемлекетінде ауа сапасы 84% жақсарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылы республика бойынша ауа ластайтын заттардың мөлшері 2,4 млн тонна болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,7% аз. Мұның алдында ауа ластайтын заттардың мөлшері 2015 жылы ғана 3,4%-ға азайған.

100 мемлекеттегі ауа сапасына зерттеу жүргізетін IQAir мәліметінше, 2019 жылмен салыстырғанда, 2020 жылы ауа 84% тазарған.

Алайда 2021 жылы ауаны ластайтын заттар мөлшері күрт өсуі мүмкін.  
2019 жылы арнайы тазартқыш құралдар ластаушы заттардың – 93,2%-ын, 2020 жылы 93,1%-ын ауаға жібермей ұстап қалды.
Ауаны негізінен келесі заттар ластайды:
• күкіртті ангидрид – 868,1 мың тонна (жылына −2%);
• көміртек тотығы – 486,5 мың тонна, (жылына −0,3%);
• азот тотығы – 311,4 мың тонна, (жылына −0,8%);
• қалған әртүрлі заттар үлесі – 775 мың тонна, (жылына −2,6%).
Түріне қарай:
• газ және сүйық күйінде – 79,5%;
• қатты заттар – 20,5%.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар ауаға бөлетін қауіпті заттар мөлшері жыл сайын ұлғайып келеді:
• 2016 жылы – 80,8%;
• 2019 жылы – 85,8%;
• 2020 жылы – 86,6%.
Қазақстан өңірлері бойынша ең көп ластанатын:
• Павлодар облысы – 723 мың тонна;
• Қарағанды облысы – 627,7 мың тонна;
• Атырау облысында – 154 мың тонна;
• Ақтөбе облысында – 135,1 мың тонна;
• ШҚО-да – 127,2 мың тонна;
• Қостанай облысы – 123,4 мың тонна.