Жүрек талмасына ұшырамау үшін не істейміз?

Жүрек талмасына ұшырамау үшін не істейміз?
Сурет: Orenfoms.ru

Америка кардиология ассоциациясының ғалымдары жүрек талмасына ұшырау қаупін төмендететін өнімді атап көрсетті.

Мамандардың айтуынша, зәйтүн майы жүрек талмасына ұшырау қаупін төмендетуге септігін тигізеді екен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілер күн сайын жарты ас қасықтан астам зәйтүн майын тұтынған адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруына ұшырауы 15 пайызға, ал жүректің ишемиялық ауруы 21 пайызға азайғанын байқапты.

Швейцария кардиологтары өткен жылы аптасына екі рет күндіз ұйықтау да жүрек талмасына ұшырау қаупін 48 пайызға азайтады деп мәлімдеген. Ал ылғи күндіз ұйықтайтындардың жүрек талмасына ұшырау қаупі, керісінше, жоғарылаған.