Жұмысқа тұрып, әскери билет ал!

Жұмысқа тұрып, әскери билет ал!
Сурет: Inform.kz

Бұл - Қазақстанда алғаш рет іске асырылып отырған жоба, оған қатысушылар болашақта әскери билет алады.

Алматыда тұрақты тіркелген және ресми жұмысқа орналаспаған 24 жастан 35 жасқа дейінгі жастар әскери даярлықтан өтуге мүмкіндік беретін жобаға қатыса алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биыл 17 шілдеде 40 күн ішінде әскери жиынға қатысатын 30 үміткер іріктеледі. Негізгі шарт – Алматы қаласында тұрақты тіркелген, Enbek.kz деректер базасына жұмыссыз ретінде тіркелген және қандай да бір оқу орнында оқымауы керек. 

Күні мен орны: 17 шілде, сағат 14.00-де, Розыбақиев көшесі, 105а
Тіркелу үшін байланыс нөмірі: Омаш Ажар, жоба менеджері, +7 771 327 17 47