Жүк көліктеріне айыппұл салынады

Жүк көліктеріне айыппұл салынады
Сурет: ашық дереккөз

2024 жылы қалаларға кіретін және одан шығатын жолдарға бейнекамералар орнатылады.

Олар ауыр жүк көліктеріне артық салмақ үшін автоматты түрде айыппұл салады. Сондай-ақ 220 камераны "Сергек" бейнебақылау жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Бұдан бөлек көлік министрлігі бөлінбейтін ауыр жүктерді тасымалдауға ресми арнайы рұқсаттар беру және самосвалдардың жолдармен қозғалысын шектеу тетіктерін пысықтап жатыр. Егер министрліктің ұсынысы үкімет пен парламентте қолдау тапса, артық жүктің шегі мен ақысы бекітіледі.

Сонымен қатар ауыр карьерлік жүк көліктеріне 2025 жылдың аяғы мен 2026 жылдың басында қазақстандық жолдармен жүруіне тыйым салынады.