Жыл соңына дейін Түрксіб ауданы "Қайрат" ықшамауданында мемлекеттік балабақшаның құрылысын аяқталады

Жыл соңына дейін Түрксіб ауданы  "Қайрат" ықшамауданында мемлекеттік балабақшаның құрылысын аяқталады
Сурет: ашық дереккөз

2023 жылдың соңына дейін Түрксіб ауданындағы Қайрат ықшамауданда мемлекеттік балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр 

Түрксіб ауданында халық санының өсуі және тұрғын үй құрылысының белсенді жүруіне байланысты әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына деген қажеттілік артуда. ӨКҚ брифингінде аудан әкімі Бақытжан Ақжаров жақын арада қандай жаңа әлеуметтік нысандар пайда болатынын және қайсысы пайдалануға берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Мектептердегі орын тапшылығын азайту үшін биыл 1 қыркүйектен бастап "Қайрат" шағын ауданында 1500 орындық №211 жаңа мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, №59 мектеп-гимназиясының ғимаратында қолданыстағы ғимаратты сейсмикалық күшейту және 300 орындық кеңейту мен қайта жаңарту жүргізілуде.

«2023 жылдың желтоқсан айында 450 орындық №195 мектептің құрылысы басталды. Сондай-ақ, 600 орындық №198 мектепке қосымша салу, №83 гимназия филиалын қайта жаңарту және №50 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары да жобалануда», - деді Б.Ақжаров.

Бұдан бөлек, студенттерді кәсіптік біліммен қамтуды кеңейту үшін 2024 жылдың I тоқсанында Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің құрылысына қолданыстағы ғимараттарды бұза отырып, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады.

2023 жылдың соңына дейін "Қайрат" шағын ауданында 260 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар, Әлмерек шағын ауданында 320 орындық балабақша салу жоспарлануда. Жер телімін алынғаннан кейін, 2024 жылдың I тоқсанында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланады.

Ал осы жылдың соңына дейін "Нұршашқан" шағын ауданында 100 келушіге арналған жаңа дәрігерлік амбулатория салынады. Келесі жылдың бірінші тоқсанында Айбасов көшесі бойынша 200 келушіге арналған амбулатория құрылысы аяқталады.

«2024 жылдың бірінші тоқсанында "Қайрат" шағын ауданында 340 келушіге арналған емхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау, және «РВ-90»-да 200 келушіге арналған отбасылық дәрігерлік амбулаторияға мемлекеттік сараптаманың шығуын аяқтау жоспарлануда», - деді Түрксіб ауданының әкімі.

"Әлмерек" шағын ауданының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін 200 келушіге арналған отбасылық дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Жер телімі алынғаннан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланады.

Сонымен қатар, әлеуметтік және спорт нысандарына «қадамдық қолжетімділікті» қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың I тоқсанында "Жас Қанат" шағын ауданында өткізу қабілеті бір ауысымда 149 келушіні құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда. 2024 жылдың ақпан айында аяқталу мерзімімен Майлин көшесі бойындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.