Қазақстан Президенті соғысты бейбіт жолмен тоқтатуға шақырды

Қазақстан Президенті соғысты бейбіт жолмен тоқтатуға шақырды
Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей-Украина арасындағы соғысты бейбіт жолмен тоқтатуға шақырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның сөзінше, кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. "Сондықтан уақытты жоғалтпай, бітімге келудің мүмкіндіктерін пайдалану керек. Стамбұлдағы келіссөз рауанды үміт сыйлаған еді, бірақ келісім іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек", - деді Президент.