Алматыда доллар 447 теңгеден сатылуда

Алматыда доллар 447 теңгеден сатылуда
Сурет: Informburo.kz

Доллар 9 теңгеге өскен

Алматыда доллар 447 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,65 теңгеге көтеріліп, 434, 47 теңге болып белгіленген болатын.

Ал бүгін Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 444, сатып алу – 447 теңгеге бағаланып жатыр.

Бұл 6 мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда АҚШ долларының 9 теңгеге өскені байқалады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 80 теңге болып белгіленген еді.