Жетісу ауданының 18 көшесі жөнделеді

Жетісу ауданының 18 көшесі жөнделеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Аудандағы жолдар мен тротуарларды жөндеу – маңызды мәселелердің бірі.

Биыл 22 км жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«4 көшедегі (Омаров, Қазыбаев, Хожамьяров, Қазыбаев тұйық көшесі) жол жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталды. Қалған 14 көшедегі жұмыстар осы жылдың қазан айында аяқталады. Бұдан басқа, ұзындығы 2,7 км болатын 10 учаскеде тротуарлар салынады. Жұмыстарды осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда», деді бүгін аудан халқымен кездескен Ерболат Досаев.

Аудан әкімдігі биыл берілген өкілеттіктердің аясында 8 мың м2 болатын 11 көшедегі жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Қала басшысының айтуынша, қазан айының соңына дейін тағы 7 мың м2 жол ағымдағы жөндеуден өтеді (автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге – 500 млн. теңге, техникалық тротуарларға – 100 млн. теңге бөлінді).