Желтоқсаннан бастап коммерциялық пойыз билеттері 20%-ға қымбаттайды

Желтоқсаннан бастап коммерциялық пойыз билеттері 20%-ға қымбаттайды
Сурет: Alataunews.kz

«Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері мұндай тәсіл 28 ақпанға дейін пилоттық режимде қолданылатынын хабарлады. 

Жауаптылардың сөзінше, төменгі орындағы билеттің құны өседі. Бұл пойыз вагондарындағы орынды біркелкі бөлу үшін жасалып отыр. Сонымен бірге жолаушылардың төменгі орынға сұранысын өтеуді көздейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Dauletten.kz-ке сілтеме жасап. 

Төменгі орындағы билет: 

 № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;

 № 51/52 «Алматы – Орал»;

 № 105/106 «Алматы-Петропавл»;

 № 71/72 «Астана-Шымкент»;

 № 29/30 «Алматы-Атырау»
бағытында жол жүретін пойыздарда қымбаттайды.

Сонымен қатар «Астана-Шымкент» бағытындағы жолаушыларға да кейбір билеттер жоғары бағаға сатылады.