Жедел жәрдем бригадаларының ІІ республикалық спартакиадасы өтеді

Жедел жәрдем бригадаларының ІІ республикалық спартакиадасы өтеді
Сурет: Elorda.info

11 тамызда Абай облысының орталығы - Семей қаласында жедел медициналық жәрдем бригадаларының II республикалық спартакиадасы өтеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының спартакиадасына еліміздің барлық өңірлерінен келген командалар қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме 

Іс-шараның мақсаты - жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Клиникалық станциялар бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарыстары жедел коронарлық синдром, полижарақат, балалар реанимациясы және жаңа туған нәрестені реанимациялау мен үйде босану және т. б. жедел медициналық көмек көрсету түрлері бойынша өткізіледі.