«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 369 мектеп салынады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында  369 мектеп салынады
Сурет: primeminister.kz

Жыл аяғы жақындағанда Үкімет өз жұмысына шолу жасап,  қорытынды жасауда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.

Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.

Атап айтқанда, осы жылдың айшықты оқиғаларының бірі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының басталуы болды, оның аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салынады. Биылғы білім беру саласындағы жаңа жобалар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы осы материалдан оқыңыздар.