Жайлы қалалық ортаны дамыту жұмыстарын белсенді жалғастыруда

Жайлы қалалық ортаны дамыту  жұмыстарын белсенді жалғастыруда
Сурет: Almaty.tv

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыруға барлығы  2,7 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 25 жоба аяқталып, бағдарламаның бірінші кезеңінің 21 жобасы іске асырылуда, оған 1,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша салынған Ақжар шағын ауданының Санаторная көшесінің бойындағы қоғамдық кеңестік  (77 млн. теңге) жақсы көрсеткіш болып табылады. Бұрын бұл жер қараусыз қалған бос жер болған, ал енді жергілікті тұрғындар демалып, әңгімелесіп, спортпен шұғылдана алатын, ең үздік стандарттарға сәйкес келетін орынға ие болды.

Аталған бағдарламаны іске асырудағы оң тәжірибені ескере отырып, Наурызбай ауданына 16 жаңа жобаға биыл қосымша 875 млн. теңге бөлінді, жобалар осы жылдың қараша айында аяқталады.

Анықтама үшін: 1 жоба – жерасты өткелдерін ағымдағы жөндеу, 2 жоба – балалар ойын алаңдарын салу, 4 жоба - жаяу жүргіншілер-көлік желісін ұйымдастыру және салу, 9 жоба - жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын абаттандыру және көгалдандыру.

Қараша айына дейін аудандағы 3 жерасты жаяу жүргінші өткелі ағымдағы жөндеуден өтіп, жарықтандыру аспаптары толық боялып, жөнделеді.

Бүгінгі таңда 1000 м арық желісін салу, әрі реконструкциялау, 781 м су бұру арнасын салу, сондай-ақ 600 м Ойжайлау өзенінің жағалауын күшейту арқылы төтенше жағдай желісі бойынша су басатын 6 учаске жойылды.

Сондай-ақ Алматы қаласының батыс бөлігінде жалпы ұзындығы 30 км болатын 34 көшеде арық желісі мен нөсер канализациясын салу және реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде ұзындығы 7 км болатын 6 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі -  2024 жылдың соңы.

Осы жылдың қыркүйек айында Қарғалы өзенінің жағалауын көріктендіре отырып абаттандыру, сыртқы жарықтандыру желілерін, балалар спорт алаңдарын орнату және бөгеттен Жандосов көшесіне дейін ұзындығы 7,7 км болатын қоғамдық кеңістікті жайластыру жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Жоба әзірленіп, қаражат бөлінді (746 млн. теңге). 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтаймыз.

Жасыл желектерді тиісінше күтіп-баптау мақсатында 3 учаскеде (Ақжар шағын ауданы мен Алатау даңғылындағы 2 сквер) осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзындығы 4 км болатын автоматтандырылған суару жүйесін салу жұмыстары аяқталады.

Бейнемониторинг жүйесін кеңейту жобасы бойынша биылғы жылдың соңына дейін сіздердің ауданда 900 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда, оның ішінде аулаларда - 565, көше қиылыстарында – 295, саябақтар мен скверлерде - 40 камера қойылады.