«Жасотандықтар» Алматыда «Біз адам саудасына қарсымыз!» акциясын өткізді

«Жасотандықтар» Алматыда «Біз адам саудасына қарсымыз!» акциясын өткізді

Шара мақсаты - адам саудасына байланысты болып жатқан проблемаларға назар аударту.

Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай «жасотандықтар» «Біз адам саудасына қарсымыз!» акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараның мақсаты - адам саудасына байланысты болып жатқан проблемаларға назар аударту және «Бірге адам саудасына қарсымыз!» ұранымен мемлекеттік ұйымдар мен азаматтық қоғамдарды жұмылдыру.

Аталмыш іс-шара Atakent Moll сауда орталығында өтті. Ал, акцияның символы – «көк жүрек» болды. Ол адам саудасы құрбандарының өкініші, адамдарды сатқандардың тас жүрегінің белгісі. Белсенділер акция барысында қатысушылар мен қонақтарға қала тұрғындарына адам саудасы мәселесі туралы ескертіп, «көк жүрек» бейнеленген печеньелер таратты.

Сонымен қатар, бір топ белсенділер барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, адам жиі жүретін орындарға барып, алдын алу жұмысын жүргізді. Қала тұрғындарына адам саудасы мәселесі, тетіктер, құлдықтың салдары туралы айтылды. "Жасотандықтар" тақырыптық буклеттер, жапсырмалар, сондай-ақ байланыс нөмірлері көрсетілген жадынамалар мен плакаттарды таратып, Қазақстанның өзге де өңірлеріне челлендж жолдады.

Ең қорқыныштысы, кейбіреулер үшін адам саудасы мәңгілікке қиратылған өмір болса, ал басқалары үшін миллиондаған, тіпті миллиардтаған доллар пайда екендігінде. 30 шілде - Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні, бұл дегеніміз мәселенің өзектілігін тағы бір рет көрсетіп, адамзат тарихының ежелгі дәуірден бері жалғасып келе жатқан және ақпараттық қоғамның прогрессивті дәуірінде де жоя алмаған бөлшегі ретінде қала беретін қауіптілік екендігін еске салады.

Акцияға криминалдық полиция департаментінің өкілдері қатысып, қолдау көрсетті.