Алматы полицейлері пәтер тонады деген күдікпен екі азаматты ұстады

Алматы полицейлері пәтер тонады деген күдікпен екі азаматты ұстады
Сурет: Yaizakon.com.ua

Полицейлер оларды уақытша ұстау изоляторына қамады.

Алматыда пәтер тонаудың үш фактісіне қатысы бар деген күдікпен екі азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлемет бойынша, ұсталғандардың қылмыс жасау тізбегі стандартты болған. Полицейлердің айтуынша, олар аулаларды аралап, көп қабатты үйлердің терезелері мен кіреберістерін аңдып жүрген. Үйлерге кіргеннен кейін, лайықты кілтті тауып, есікті аштқан, сосын қолдарына түскен құнды заттардың бәрін алған.

«Қолма-қол ақша, ұсақ тұрмыстық техника және әр түрлі әшекей бұйымдар. Соңғы факт «Алмалы» тұрғын үй кешені мекенжайында тіркелді. Кілтті таңдау арқылы олар пәтерге кіріп, жалпы құны 500 мың теңгенің жеке мүлкін ұрлап кеткен», – дейді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, 37 және 35 жастағы екі қылмыскер де Алматы облысының Қапшағай қаласында Алматы қалалық ПД КПБ арнайы топ қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары кезінде ұсталды.

Мамандардың айтуынша, ұсталғандардың екеуі де бұрын істі болған, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін жазасын өтеген. Қазіргі уақытта ұсталғандардың Алматы қаласында пәтер тонаудың үш фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.