«Жас маман» жобасы аясында өндірістік-оқыту шеберханасы жасақталды

«Жас маман» жобасы аясында өндірістік-оқыту шеберханасы жасақталды
Сурет: автор

«Жас маман» жобасы аясында ҚХР-да халықаралық  тағылымдамадан өткен педагогтардың тәжірибесімен жабдықталған  оқу шеберханасымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. 

Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі "КМҚК өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының тағылымдамадан өту бағдарламасын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 «Білімді ұлт» Сапалы білім беру» қаулысымен бекітілген Ұлттық жобада белгіленген мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа ала отырып, Қытай Халық Республикасында тағылымдамадан өткен болатын. Басты мақсаты білім алушыларға заманауи eNSP бағдарламалық платформасы арқылы байланыс желісін орнатуды үйретіп, біліктіліктері мен дағдыларын дамыту.

Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша «Жас маман» жобасы аясында жасақталған  өндірістік-оқыту шеберханасынымен таныстыру шарасы өтті. Бүгінгі күнге дейін,«Телекоммуникациялық жабдықтар мен арналарды электромонтаждаушы-реттеуші» біліктілігінде оқитын білім алушылар тек кабельдерді монтаждау және дәнекерлеумен ғана айналысса, болашақта  бағдарламалау жұмыстарын жүргізе алатын заман талабына сай  цифрлық білім деңгейі жоғары құзыретті маман  даярлау және оқу жоспарын тереңдете оқыту.