Жаппай декаларациялау мен мобильді аударымдар Telegram чаты ашылды

Жаппай декаларациялау мен мобильді аударымдар Telegram чаты ашылды
Сурет: Habr.com

Бұл туралы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті  хабарлады.

Чат жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, сондай-ақ мобилді аударымдар бойынша сұрақтарға жедел жауаптар беру үшін құрылды. Осы чатта жалпыға бірдей декларациялау және мобилді аударымдарды салықтық бақылау бойынша баспасөз хабарламаларымен және басқа да пайдалы ақпаратпен танысуға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әрбір мемлекеттік кірістер басқармасында «Консультативтік орталықтар» құрылды, республика бойынша 200-ден астам осындай орталықтар бар. Консультативтік орталықтарда жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аударымдарға қатысты барлық сұрақтар бойынша жауаптар беріледі.

Мемлекеттік кірістер басқармаларының мекенжайлары мен телефондары ҚР ҚМ МКД сайтында және Telegram чатта орналастырылған.

Чатқа сілтеме: https://t.me/qrqmmkk