82 адам коронавирус жұқтырды

82 адам коронавирус жұқтырды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Үш пациенттің жағдайы өте ауыр.

Өткен тәулікте 82 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

11 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 752 адам коронавирус инфекциясынан (–1 573+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 622 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.