Жапонияда климат өзгерісіне бейімделетін қалқымалы қала салынады

Жапонияда климат өзгерісіне бейімделетін қалқымалы қала салынады
Сурет: ашық дереккөз

 Жапондық N-Ark стартапы мұхитта Dogen City деп аталатын алып қалқымалы қала құру жоспарын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Robb Report басылымына сілтеме жасап.

Қаланы цунамиден қорғау үшін сақина түрінде жобаланатын болады және оның мақсаты - тұрғындарды озық медициналық қызметтермен, футуристік роботтық хирургиямен және азық-түлік өндірісі мен жаңартылатын энергия өндіру арқылы өзін-өзі толық қамтамасыз ету.

Онда тіпті ғарыш аппараттарын ұшыру алаңдарды да қарастырылған.

Стартап жоба құпиясын ашты - Dogen City үш қабаттан тұрады, ол «салалар» деп аталады, олардың әрқайсысының өз мақсаты бар.

Біріншіден, бұл өмір сүруге жарамды, өзін-өзі қамтамасыз ететін теңіз ауылы, онда тікелей тұрғын үй орналасады.

Содан кейін табиғи түрде мұхитпен салқындатылатын су астындағы деректер орталығы энергия шығынын азайтады.

Соңғы қабаты SpaceX-пен байланысты болады және зымырандардың ұшу және қону алаңына айналады.

Азық-түлікке келер болсақ, функционалды ингредиенттер мен дақылдар қоректік заттардың көзі ретінде теңіз суын пайдаланатын инновациялық өсіру технологиясын қолдана отырып, жергілікті жерде өсірілетін болады.

Жоба жылына шамамен 7 000 тонна азық-түлік және 22 265 000 кВт электр энергиясын өндіреді.