Жаңбыр, жел, бұрқасын

Жаңбыр, жел, бұрқасын
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 16 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Сонымен қатар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, күндіз елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген ведомство ақпаратында.

Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.