«Жаңа Қазақстанды» құруға батыл қадам

«Жаңа Қазақстанды» құруға батыл қадам
Сурет: Egemen.kz

Тәуелсіздік жылда­рында еліміз саяси тұ­рақтылықты нығайтудың қиын жолынан өтіп, ынтымақ пен бірлігіміздің арқасында әлем мойындаған мемлекетке айналдық.

Ендігі кезекте демократиялық құндылықтарды дамытып, «Жаңа Қазақстанды» құруға қадам басқалы тұрмыз. 2022 жылғы 20 қарашада өткізілетін кезектен тыс Президент сайлауы – саяси жүйені өзгерту жолындағы реформалардың логикалық жалғасы болып табылады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында бірігудің нақты мүмкіндігі.

Қазіргі әлемдегі геосаяси шиеленістер мен қақтығыстар артқан уақытта, еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсетуіміз керек.

Қазақстанның болашағы – әрқайсымыздың қолымызда.